ru ua en fr de it pt se se by hu
az nl gr ge il kz lv ro tr cz us
                                                       «На Лукьяновке» шағын-отелінің орналасқан жері Киев қ-сы, Шевченковский ауданы, Белорусская к-сі, 3.          Kiev, Shevchenkovskiy district, 3 Belorusskaya street

«На Лукьяновке» қонақ ұйі - қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін 300 гривна тұратын өзінің жайлы бөлмелерін ұсынады. Әрбір бөлмеде: ыдыс-аяқ, шайнек, қысқа толқынды пеш, шай, кофе және қант қойылған шағын ас үйі бар.

Киев қаласының темір жол вокзалына дейін оп-оңай жетуге болады. Көптеген автобустардың соңғы аялдамасы орталық кіреберіске қарама-қарсы орналасқан, сондықтан осы былықтың арасында дұрыс бағытты табу қиынға соғып жатады. Ал бізге болса, «екінші платформа» үстінде тұрған шеткі сол жақтағы 18+7 автобус керек. Бұл автобус тура Лукьяновка базарына қарай барады, сол жердегі аялдамадан қарап тұрғанда - қонақ үйі орналасқан ғимарат көрініп тұрады. Дәл сол арада «Лукьяновская» метро бекеті бар, вокзал жақтан отырып, бір ғана аялдамадан өтіп, сол бекетке жете аласыз. Базарға қарама-қарсы тұратын болсаңыз, үстінде «Брокбизнесбанк» деген жазуы жазылған ақ-көгілдір түстес көп қабатты үй оң жағыңызда көрініп тұрады. Бізге тап соның өзі керек, яғни - Белорусская к-сі, 3 үй.

Егер Дегтяревская көшесімен жүріп, биік үйдің жанынан бұрылып, бүйір жағында батырмасы тұрған және «Отель» деген «жасырын» жазуы бар есіктің алдына жақындасаңыз, Сізге қыздың мейірімді дауысы жауап беріп, Сізді 3-ші қабаттағы бөлмеңізге қарай шығарып салады. Жайсыз үй, көріксіз жеделсаты, аквариум қойылған холл, қабырғаға ілініп тұрған суреттер және жаңа жасалған жөндеу арасындағы кереғар ерекше тамсандырады. «Театр иықағаштан басталады» демекші, үйдің атмосферасы сезінетін бөлмелер - «На Лукьяновке» қонақ үйінің басты бағдарламасы болып табылады.

Егер Сіз Лукьяновская алаңы жағынан жүретін болсаңыз, Сізге баспалдақпен көтеріліп, үйді айналып өтудің қажеті жоқ; тек Макдональдсты ғана айналып өтіп, «Сильпо» супермаркетінің (бұл жерде барлық қажетті заттар мен тіпті романтикалық кешкі асқа арналған дегдарлы шараптар да бар) кіреберіс есігі жағынан шықсаңыз болды. Ол жақтан шығып, ескі тарихи ауданда орналасқан Киев қаласының ең үздік қонақ үйлерінің бірі болып саналатын, бізге белгілі әрі таныс болып келетін ғимаратқа қарай жүре беріңіз.

Киев қ-сы, Шевченковский ауданы, Белорусская к-сі, 3.