Сіз егер біздің Киев шағын-отеліндегі бөлмені таңдап болдыңыз, ендігі кезек оны брондауға да келіп жетті, Сізге осы рәсім жайлы қысқаша тоқталып өтейік. Бөлмені брондау – бұл 1 тәулік бойы тұрудың бағасы көлеміндегі депозитті енгізу екендігін бірден айта кеткіміз келеді. Бұл депозит бөлмеде тұрудың құнына кіреді, яғни бөлмеге орналасу дерегі бойынша Сіз онда тұруға қатысты қалған соманы төлейтін боласыз. Сіз бөлмеге қоныстанатын күні, дәл Өзіңіз таңдаған және брондаған бөлмеңізге қоныстанғаныңыздың кепілі - депозитке енгізілген ақша болып табылады.
Тапсырысты қабылдайтын менеджердің байланыстары:
- 8 (044) 483 94 97
- 8 (044) 483 94 98
- 8 (050) 381 71 23
- 8 (093) 431 92 20
- email: superhotel@ukr.net
Брондау және брондаудың күшін жою ережелері:
- 1. Бөлме - 1 тәулік бойы тұрудың бағасы көлеміндегі депозит енгізілгеннен кейін ғана брондалады;
- 2. Сіздің бастамаңыз бойынша брондаудың күшін лажсыздан жойған кезде, біз депозитті келесі кестеге сүйене отырып қайтарамыз:
Орналасқанға дейінгі күндер саны | 15-29 | 8-14 | 3-7 | 0-2 |
Қайтарылатын депозиттің бөлігі | 70% | 50% | 20% | 0% |
4. 3.Сіз депозитті енгізгеннен кейін, біз Сізге брондалуды растаймыз және орналасу уақытын келістіреміз.
Тұру мерзімдерін өзгерту:
- 1. Тұру мерзімдері өзгерген жағдайда, бізге ол жайлы – сапарға шыққанға дейін ең аз дегенде 24 сағат бұрын хабарлау қажет;
- 2. Егер де шығатын күнге дейін 24 сағат бұрын Сіз бізді хабардар етпесеңіз, 1 тәулік бойы тұру көлеміндегі айыппұл санкциялары салынады.
Бөлмені жалға алу ережелері:
- 1. Бөлмеден шығару 12:00-ге дейін жүргізіледі;
- 2. Бөлмеге орналастыру 14:00-ге дейін жүргізіледі;
- 3. Тұру мерзімінің толық төлемі, тек орналасқан күні ғана төленеді;
- 4. Қоныстанған кезде, Сіз Өзіңіздің жеке басыңызды растайтын құжаттарды ұсынасыз;
- 5. Бөлмеге қоныстанған кезде, Сіз бөлмедегі мүліктің зақымы үшін және кілттердің сақталуына толық материалдық жауаптылықты мойныңызға алатын боласыз;
- 6. Мүлікке зақым келтірілген жағдайда, нұқсанның көлемі мен өтемақы төлеу тәртібі бірге белгіленеді;
- 7. Бөлмеде тұрғанда, Сіз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бөлігіндегі (10, 16, 51, 51-1, 151, 182 баптары) Украинаның ережелері мен Заңдарын сақтауға міндеттісіз
Тұрудың құнына мыналар кіреді:
- 1. Тұрудың құнына 1 жатын орын емес, ал барлық бөлмені жалға алу кіреді;
- 2. Бөлме - Сізге ыңғайлы уақытта күніне 3 рет жиналып-тазаланады, соған қоса төсек-орынның киімі де ауыстырылады;
- 3. Төсек-орын керек-жарақтары мен орамалдар – 1 адамға 1 жиынтық;
- 4. Ас үй керек-жарақтары, мультимедиялық және тұрмыстық техника, телефон байланысы, жылдамдығы жоғары ғаламторды пайдалану;
- 5. Барлық қажетті есеп-қисап бухгалтерлік құжаттармен қамтамасыз ету.
Бөлменің құнына мыналар кірмейді:
- 1. Келермендердің жеке киімдерін жуу, үтіктеу, химиялық жолмен тазалау;
- 2. Қосымша түрде жинап-тазалау (4 тәулікте 1 реттен жиі емес);
- 3. Трансфер қызметтері.
Брондау төлемі:
- 1. Қолма-қол – Сіз депозитті біздің кеңсемізде төлей аласыз немесе біз өзіміздің курьерімізді сізге ыңғайлы кездесу орны мен уақытта жібереміз;
- 2. Ақшалай аударым - Western Union;
- 3. On-line – Сіз LiqPAY ақша жүйесі арқылы төлей аласыз;
- 4. Aқшасыз есеп айырысу.
Қонақтардың қалауы бойынша "Пузата Хата" мейрамханалар желісінің ас мәзірінен таңғы астарды ұсынамыз. .
«на Лукьяновке шағын-отелі» — біз Сізге әрқашан қуаныштымыз
|